Маза бермей көңілге 
Септігіңнен сенің де 
Тақырыпсыз бір әуен 
Келді тағы өмірге 
Түнгі шабыт шақырып 
Күні бойы ақырып 
Саған жазған бұл әнге 
Таба алмадым тақырып 

[Қайырмасы] 
Әңгімені ойыңа ал 
Өкпе назың жойылар 
Тақырыпты бұл әнге 
Жаным өзің қойып ал 

Күтіп пе едің менен гүл 
Көңіл-күйің төмен жүр 
Ойдан туған мазасыз 
Тақырыпсыз өлең бұл 
Жырдан теріп жақұтты 
Сезім кілті көңілде 
Біз болайық бақытты 
Өлеңде емес өмірде 

[Қайырмасы] 
Әңгімені ойыңа ал 
Өкпе назың жойылар 
Тақырыпты бұл әнге 
Жаным өзің қойып ал