1. Сені қалай сүйгенім сағынбаспын 
Әміріне жүректің бағынбас кім 
Мінезіңді ұнаттым жақсы көрдім 
Бауыр бастым... 
Екеуміз бір өткізген қаншама күн 
Әр секундым, минутым, әр сағатым 
Суреттер көп мәңгілік альбомымда 
Сақталатын... ммм 

Қайырмасы:

Махаббаттың гүлі солмайды 
Сезім бірақ мұнсыз болмайды 
Жетпейді 1001 күн, 1001 түн 
Айтуға сен жайлы 
Махаббаттың гүлі солмайды 
Сезім бірақ мұнсыз болмайды 
Жетпейді 1001 күн, 1001 түн 
Айтуға сен жайлы 

2. Арманымыз бір еді талғамымыз 
Қолымызда тұр еді бар бағымыз 
Қосылмады неліктен екеуміздің 
Жолдарымыз... 
Бір бақыттың сенемін келеріне 
Сынақтарды сабырмен жеңеріме 
Махаббатым тап-таза көңілімде 
Жүрегімде... еее 

Қайырмасы:
Махаббаттың гүлі солмайды 
Сезім бірақ мұнсыз болмайды 
Жетпейді 1001 күн, 1001 түн 
Айтуға сен жайлы 
Махаббаттың гүлі солмайды 
Сезім бірақ мұнсыз болмайды 
Жетпейді 1001 күн, 1001 түн 
Айтуға сен жайлы